hero image

Қазақстан

Citi – Қазақстанның қаржы нарығына шыққан алғашқы халықаралық банктердің бірі. 1994 жылдың сәуірінде Алматы қаласында өкілдігі ашылып, 1998 жылы «Ситибанк Қазақстан» АҚ толыққанды банк лицензиясын алып, корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету аясын кеңейтті.

Бүгінде Сiti Қазақстан банк секторындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Банк халықаралық компаниялар мен инвесторлардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және елдегі ең ірі кәсіпорындардың негізгі серіктесі болып саналады. Citi корпоративтік төлемдер көлемі мен Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі бойынша тұрақты түрде жетекші орындарды иеленеді.

Банк Қазақстанда 32 жылдан бері қызмет көрсетіп, клиенттеріне өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын ұсынып келеді.

2026 жылы Citi Euromoney басылымының Euromoney Awards for Excellence сыйлығы аясында «Қазақстандағы үздік инвестициялық банк» деп танылды.

2024 және 2025 жылдары Сiti Euromoney басылымының Euromoney Awards for Excellence сыйлығы аясында «Қазақстандағы үздік халықаралық банкі» атағына ие болды.

2023 жылы Asiamoney басылымы өзінің жыл сайынғы Best Bank Awards марапаттары аясында Citi-ді бесінші жыл қатарынан (2019–2023 жж.) «Қазақстандағы үздік халықаралық банк» деп таныды. Сонымен қатар, Citi «Қазақстандағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) саласындағы үздік банк» атағына ие болды.

Best Bank for CSR: Kazakhstan | Asiamoney Best Bank Awards
Best Bank for CSR: Kazakhstan | Asiamoney Best Bank Awards
Best International Bank: Kazakhstan | Asiamoney Best Bank Awards 2023

Біздің байланыстар

Құқықтық ақпарат

Қаржы есептілік

Басқа реттеуші ақпараттар

Citi-дағы мансап